Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Шахтинскіде чемпионға зал табылмай отыр: Сабыржан Аққалықов туған қаласында шетқақпай көруде

Шахтинскіде чемпионға зал табылмай отыр: Сабыржан Аққалықов туған қаласында шетқақпай көруде
Әлем чемпионы спорт залына кіре алмай жүргенін мәлімдеді

Әлем кубогының жеңімпазы, танымал боксшы Сабыржан Аққалықов туған жері Шахтинск қаласында жаттығуға мүмкіндік таппай жүргенін айтты. Оның айтуынша, бұған дейін жаттыққан «Тентек» спорт кешеніне енді түрлі сылтаумен кіргізбей қойған.

– Қазақстанның қай қаласына барсам да, мені құрметпен қарсы алады. Бірақ өз туған қаламда, чемпион болған жерде залға да жолатпай отыр, – дейді Аққалықов.

Спортшының сөзінше, залда боксқа емес, басқа спорт түрлеріне басымдық берілген. Тіпті, бір сағатқа жаттығу үшін ақы төлесе де, жаттығу ортасынан шығарып жіберетін жағдайлар болған. Ол бұған дейін қала әкімінен көмек сұрап, жуынатын бөлме қажеттігін де айтқан. Алайда әкімдік уәде бергенімен, нақты көмек көрсетілмеген.

Сабыржан жуырда өзінің спорттық жолы туралы деректі фильм түсірмек болған кезде де аталмыш спорт кешенінде түсірілім жасауға рұқсат ала алмаған.

Бұл жағдай спорт саласындағы жүйелі қолдаудың жоқтығын және өңірлік деңгейде чемпиондарға деген немқұрайдылықты көрсетті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама