
- 26 мау. 2025 11:10
- 27
Иран мен Израиль арасындағы 12 күндік соғыс 638 адамның өмірін қиды
Иран мен Израиль арасындағы 12 күндік соғыс 638 адамның өмірін қиды
– деп хабарлайды Инфохаб.кз.
13 маусымда басталған Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс екі тарапқа да ауыр шығын әкелді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл уақыт аралығында елде 610 адам қаза тауып, 4746 адам жарақат алған. Ал Израиль билігінің хабарлауынша, Иран екі апта ішінде 500-ден аса баллистикалық зымыран және мыңдаған дрон ұшырған. Бұл шабуылдардың салдарынан 28 адам қаза тапты, инфрақұрылымның біршама бөлігі қирап, жүздеген үй адам тұруға жарамсыз күйге түсті.
Қазіргі таңда екі елде де қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда Иранда қақтығыс салдарын тек сырттан емес, іштен де іздеуде. Ел билігі Израиль тыңшысы деген күдікпен 700-ден аса адамды қамауға алды. Олардың қатарынан үш адамға өлім жазасы тағайындалды.
Иран үкіметінің мәлімдеуінше, ұсталғандар арасында "Моссадқа жұмыс істеген диверсанттар" бар. Олар ел аумағына контрабандалық жолмен қару-жарақ пен арнайы жабдықтар кіргізіп, Ирандағы танымал тұлғалардың өліміне тікелей себепкер болған.
Қақтығыстың тоқтағанына қарамастан, жағдай толық тұрақталған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы ахуал кез келген сәтте қайта ушығуы мүмкін.