Ішек қабыну аурулары
Жаралы колит кезінде зақымдану әрдайым тоқ ішектің шырышты қабатының беткі жағының зақымдануымен шектеледі: үрдіс әрқашан тік ішекті қамтиды, ал ішектің басқа бөлімдерін қамту жиілігі әртүрлі болады. Тоқ ішектің аяқталу шегінде жаралы колит жаралы тік ішек қабынуы деп аталып кетті. Балаларда жаралы тік ішек қабынуының болжамы жақсы. Аймақтық энтерит немесе Крон ауруы, ішек қабырғасының барлық қабаттарына таралатын және ауыз қуысынан бастап, артқы өтіске дейін зақымдайтын қабыну болып табылады. Крон колитінің шектеулі синдромын кейде жаралы колиттен ажырату қиын болады.
Жаралы колиттің ағымы ауырлаған жағдайдағы емдеу тәсілі
Жаралы колиттің емі науқастың жасына, аурудың ұзақтығына және көрінісінің ауырлығына байланысты. Әдетте жаралы колитпен науқастарға сульфасалазин тағайындалады. Ол тек глюкозо-6 фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі бар немесе сульбтобы бар дәрілерге аллергиясы бар науқастарға тағайындалмайды. Сонымен бірге фолий қышқылының препараттары тағайындалуы керек. Ішектің дистальды бөліктерімен шектелген ауруды емдеу кезінде стероидты дәрілермен немесе 5-аминосалицил кышқылымен жасалатын клизмалар тиімді болуы мүмкін. Бұдан ауыр жағдайларда ремиссияға қол жеткізу үшін преднизолонды (немесе стероидты гормондардың басқа да топтарын) қолданады.
Егер амбулаторлы жағдайда емдеу нәтиже бермесе, науқасқа тек ең қажет өнімдерден тұратын емдәм немесе парентеральды тамақтандыру тағайындалады. Қабылдайтын тамақ мөлшерін айтарлықтай шектеу мен көктамыр арқылы тамақтандыру арқылы емдеу көбінесе тиімді болады.
Иммуносупрессивті терапия (азатиоприн) ремиссияны бекіту үшін керек. Егер консервативті ем науқастың жағдайын жақсартпаса, немесе уыттық мегаколон дамыса, онда хирургиялық ем өткізу қажет.
Жаралы колит пен Крон ауруының дифференциалды-диагностикалық белгілері
Сырқаттанушылық 10-19 жас аралығында. Аурудың балалық шақта басталуы |
Жаралы колит 2: 100 000 15-20% |
Крон ауруы 3,5: 100 000 20-25% |
Клиникалық белгілері |
Диарея — 50% Тік ішектен қан кету>50%, салмағын жоғалту — 65%, бойының артта қалуы — 10%, дефектация кезіндегі ауыру сезімі |
Диарея — 80% Тік ішектен қан кету — 50% Салмағын жоғалту — 85% Бойының артта қалуы — 35% Анорексия, тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы; ішек симптомдары басым болуы мүмкін |
Зақымданудың орналасуы |
Тік ішек — 100%, сол жақ колиті — 50-60%, ауыр панколит — 10% |
Мықын немесе тоқ ішек — 50-70%. Тек тоқ ішек — 10-20%. Жіңішке ішектің проксимальды бөліктері — 10-15%. Асқазан мен үлтабар<5% |
Эндоскопиялық белгілер |
Ішектің үлкен бөлігіндегі үздіксіз қабыну. Тік ішектің қамтылуы 100% жағдайда. Шырышты қабаттың гиперемиясы, ісінуі, жеңіл жарақаттануы, ойылуы |
Ошақты және сегментарлы қабыну; тік ішек зақымданбаған. Сырттай өзгермеген қалыпты шырышты қабаттағы афтозды немесе сызықты оюлар. Шырышты қабаттың түрі «тастақ жол» тәрізді. Мықын ішектің терминальды бөлігінің зақымдануы>50 |
Гистологиялық белгілері |
Муцин мөлшерінің азаюы. Шырышты қабат бетінің түкті көрінісі. Крипталардың абцесстері. Әпителийдің атипиясы. Үздіксіз зақымдану. |
Әпителиодты гранулемалар. Гистиоцитарлық инфильтрация. Перикриптит. Қабынудың шырышасты қабатына таралуы. Үздікті (ошақты) сипатта зақымдану. |
С. Х. Аюпова медицина ғылымының кандидаты, доцент