Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Израиль Газа секторына барлық әскерін кіргізді

Израиль Газа секторына жаяу әскер мен танк бригадаларын толық көлемде орналастырып, әскери қимылдарды күшейтті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қадам анклавтағы операцияларды ауқымды деңгейге шығаруға бағытталған. Әсіресе, Хан-Юнис аймағы ауыр ұрыс алаңына айналды – мұнда әуе шабуылдары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

Соғыс қимылдарына Израильдің десанттық бригадасы да тартылған. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тек бір күннің ішінде 39 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Анклавта қалған палестиналықтар қазір қарулы шабуылдармен қатар, гуманитарлық дағдарыспен де күресуде. Израиль билігі гуманитарлық дәліз ашқанымен, жеткізілген азық-түлік пен қажетті заттар 2 миллионнан астам халықты қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып отыр.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама