
- 21 мам. 2025 10:05
- 23
Астанада жедел жәрдем бағытын онлайн бақылау мүмкіндігі енгізілді
Елорда тұрғындары енді жедел жәрдем көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады. Бұл мүмкіндік 1-санаттағы, яғни ең шұғыл шақыртулар бойынша әрекет етеді. Шақырту тіркелгеннен кейін науқастың телефонына интерактивті карта сілтемесі бар SMS-хабарлама жіберіледі. Сілтеме арқылы пайдаланушы бригаданың қай жерде келе жатқанын көре алады.
Жаңа пилоттық жүйе Денсаулық сақтау министрлігі, Yandex Qazaqstan, IT Space және 7Generation компанияларының серіктестігімен іске қосылды. Алдағы уақытта бұл жүйе барлық санаттағы шақыртуларға қолжетімді болып, басқа өңірлерде де енгізіледі.