Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Jah Khalib отбасылық жағдайға байланысты гастрольдік турын тоқтатты

 

Әнші Jah Khalib (азаматтық аты — Бахтияр Мамедов) еліміздегі жоспарланған концерттерін белгісіз мерзімге кейінге қалдырды. Бұл шешімге отбасындағы ауыр жағдай себеп болған.

Әлеуметтік желі арқылы мәлім еткен музыканттың айтуынша, жаңа туған қызы ауыр медициналық операциядан соң жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қазіргі уақытта шығармашылықты жалғастыруға моральдық күшім жоқ. Бар ойым — отбасыммен бірге болып, қиын сәтте қолдау көрсету", — деп жазды ол өз парақшасында.

Әнші жұбайының жанынан табылып, сәбиінің өмірі үшін күресуге ниетті екенін жеткізді. Ол тыңдармандарынан да рухани қолдау сұрап, баласының амандығы үшін дұға тілеуге шақырды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама