
- 22 шіл. 2025 14:59
- 28
Қостанай облысында отбасылық жанжал екі әйелдің өлімімен аяқталды
Қостанай облысында отбасылық жанжал екі әйелдің өлімімен аяқталды,-деп хабарлайды Инфохаб тілшісі.
15 шілде күні Қарабалық ауылындағы тұрғын үйден 39 және 74 жастағы екі әйелдің мәйіті табылды. Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.
Кісі өлтіруге күдікті ретінде 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол марқұмдармен бір үйде тұрған. Жергілікті ақпарат құралдары күдіктінің әйелі мен енесін пышақтап өлтірген болуы мүмкін екенін жазды.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
Ауыл тұрғындары қаза тапқан 39 жастағы әйелдің артында кәмелетке толмаған балалары қалғанын айтты.
-
Прокурор Алматы әуежайында кепілге алу оқиғасына қатысты 10 жыл 6 ай жаза сұрадыБотагөз Мұхтарова: «Ол пышақ шығарып, әуежайды жарып жіберемін деді»