tengrinews.kz
- 16 сәу. 2026 07:30
- 25
Жамбыл облысында екі тоғыз оқушысының мәйіті табылды
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында екі тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Infohub.kz хабарлады.
Марқұмдар әртүрлі мектепте оқығанымен, жақын достар болған. Алдын ала болжам бойынша, оқушылар өздеріне қол салыпты. Алайда, бұл туралы ресми мәлімет әлі нақтыланбаған.
Облыстық балалар құқығы жөніндегі омбудсменнің айтуынша, қайғылы жағдайға ұшыраған екі отбасы да көпбалалы, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген.
Психологиялық көмек көрсетілуде
Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облысының әкімі бақылауына алды. Қазіргі таңда ауылға балалар құқығы жөніндегі өкіл мен білім беру басқармасының басшылығы келген. Қаза тапқан оқушылардың сыныптастарымен және ата-аналарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
«Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.