
- 16 сәу. 2025 08:25
- 143
Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісін бейтаныс азамат пышақтап кетті
13 сәуір күні Жамбыл облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды. Оқиға Ресейлік байкердің Шымкентке мото маусымының ашылуына бара жатқан кезінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, Nissan көлігінің жолаушысы мотоцикл жүргізушісімен жанжалдасып, сөзбен келісе алмаған соң, пышақ алып, жәбірленушінің іш тұсынан екі рет жарақаттаған.
Шабуылдан кейін күдікті көлікке мініп, оқиға орнынан із суытқан. Алайда көп ұзамай Алматы облысы аумағында қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.