
- 31 нау. 2025 11:10
- 76
Алматы қаласының әкімі Досаев енді екі апта сайын Президентке есеп береді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында қала әкімі Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
Басым бағыттар:
- Қаланы жарықтандыруды жақсарту
- Пәтерлерге суды уақтылы әрі толық беру
- Көшелер мен аулаларды абаттандыру
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлағандай, Тоқаев "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын тұрақты өткізу, жасыл желекті көбейту, көлік қозғалысын реттеу, сондай-ақ халықты мазалайтын өзекті мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.
Президент тапсырмасының ерекшелігі – Ерболат Досаев енді атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар жөнінде әр екі апта сайын Тоқаевқа есеп беріп отыруы тиіс.