
Фото:Астарлы ақиқат
- 26 там. 2025 15:55
- 15
Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам шартты жазамен босап шықты
Жамбыл облысында өгей ұлын азаптаған ер адам шартты жазамен босап шықты
Жамбыл облысында бірнеше жыл бойы өгей ұлын ұрып-соғып, қорлаған ер адам шартты түрде бостандыққа шықты, деп хабарлайды Infohub.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам өгей ұлын жүйелі түрде ұрып, аш қалдырған, қол-аяғын байлап, сарай мен жертөледе қамаған. Ер адамның мұндай әрекетке баруының бір себебі баланың тәтті деп қойғаны екен.
Баланың анасы – аудандық білім бөлімінің қызметкері Гүлмира Маденова да бұл оқиғадан хабардар болып шықты. Ол күйеуінің мүддесін қорғады.
Бір жыл бұрын бала үйден қашып кеткен екен. Оны ауыл тұрғындары тауып алып, денесінде көптеген жарақат белгілерін байқаған. Оның құлағы мен мойнында сызаттар, қолында көгерген іздер болған. Бұған дейін Жуалы аудандық соты өгей әкені 4 жылға бас бостандығынан айырған еді. Алайда апелляциялық сотта ер адамның жазасы жеңілдетіліп, шартты жаза тағайындалған.