Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Сотта Руслан Берденовтың алған жарақаттары жария етілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл ісін қарау кезінде оның адвокаттары сотқа жаңа дәлел ұсынды. Қорғаушылар өз клиентінің денесіндегі жарақаттар мен хирургиялық тігістерді бейнелейтін фотосуреттерді көрсетті.

Материалдардан Берденовтің денесінде оқ тиген жерлер мен жарақат іздері анық байқалады. Дәрігерлер оған бес сағатқа созылған күрделі ота жасаған. Тергеу деректеріне сәйкес, 21 сәуірде оған барлығы бес рет оқ атылған.

Қазір сотта айыпталушы Ернар Жиембайға қатысты іс Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Қылмысқа дайындалу, қылмысқа оқталу» баптарымен қаралуда.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама