
- 13 мам. 2025 19:19
- 33
Жаңа бизнес ашамын дегендерге 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі
21 мамырдан бастап жаңа бизнес ашамын дегендерге грант беріледі. Ол үшін Business.enbek.kz сайтына кіріп, өтінім толтыру керек. Шамамен 4500 адамға грант беру жоспарланған.
Кімдерге беріледі?
Өтініш бергендер жұмыссыз ретінде рәсімделген немесе кейінгі үш жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Сондай-ақ үміткердің «Бизнес Бастау» жобасынан кәсіпкерлікке қатысты оқудан өтті деген сертификатына қарайды.
Грант қаражатын қажетті құрал-жабдық, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар сатып алу, мал, құс, жануарлар, көшет, бұта, тұқым алу немесе ғимарат жалдау ақысын төлеу үшін алуға болады.