Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жеңіске жетелер жетістіктер

Қапиза Әбдіғұлов атындағы
№34 орта-мектеп гимназиясы
11 Ә сынып оқушысы Кенгашова Айсауле                        

Жеткен жетістіктерімді айтып мақатанатын ойым жоқ әрине, дегенмен армандау арқылы жеткен жетістіктерімді айтқым келеді. Бала кезімде менің арманым секунд сайын өзгеретін. Бірде Қазақ аруы болудан президент болуға дейін армандайтынмын. Уақыт өте келе нақты бір маман иесі болғың келетінін түсінесің. Мен ес біле келе журналист болуды армандай бастадым. Оған жету жолында жиі армандайтынмын, менде басқа танымал аға әпкелеріміз секілді теледидардың ар жағында сөйлегім келетін. Міне аз қалды қазіргі таңда сол мамандыққа түсу үшін ҰБТ ға дайындық жүріп жатыр. Бала кезімдегі бір оқиға менің журналистикаға деген махаббатымды аша түсті десем қателеспеймін.

7 сынып оқып жүрген кезім болатын. Сол кезде мектеп завучы мектебімізде “екі жұлдыз” атты ән кеші болатынын және сол кештін тізгінін мықтап ұстап жүргізетін оқушы керек деп біздің сыныптан құрбым екеуімізді таңдап алды. Кешті бастан аяқ керемет етіп өткіздік. Өте көңілді өтті, ұстаздар мақтауымызды асырып жатты. Сонда менің түсінгенім  менен жақсы маман шығады, мен оған жүз пайыз сенімді болдым.  Осы оқиғаға дейін мен сенімсіз болатынмын, елдің пікірі менің сенімділігімді арттырып, осы жолда аянбай еңбек ету керек екенімді түсіндім. 

Араға үш жыл салып ел алдына тағы шықтым. Ол әрине кеш болған жоқ. Ол жас ғалымдардың сайысы болды. Мен сонда тұрып өзім жасаған еңбекті қорғап шықтым. Білесіз бе мен сол кездегі қобалжуымды сөз бен айтып жеткізе алмаймын. Қобалжыған сәтте дірілдегенім есиме түссе еріксіз жымиамын. Ол сайыстан суырылып алғс шықтым. Осы тұста жетекшім Мақсат Тоқмолдаұлын ерекше атап өткім келеді . Жеткен жетістіктерімнің біршамасы сол кісінің арқасы, және шексіз алғыс білдіремін.

Сол жылы көптеген өре бәйгелерге қатыстым барлығынан да жүлделі орын мен оралатынмын. Осындай жарыстарға баруды мен 9 сыныбымнан бастадым. Ішімде кішкентай ғана өкінішім бар ол жетістік жолына кеш түскендеймін. Себебі 7-8 сыныптан бастағанымда бұдан да жақсы жетістікке жетермедім деген ойға келемін. Өткенге өкпем жоқ, бірақ біздің сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен беретін  ұстаздарымыз жылда өзгеретін сонында әсері болса керек. Өйткені бізге келген ұстаздар жас мамандар болатын, келесі жылы келгенде тұрмысқа шығып кететін. Ол кісілерге алғыстан артық айтарым жоқ.

Мен республикалық сахнада өнер көрсетіп көрмегенмін сондықтан болар жетістіктерім жайлы сөз қозғағанда аздап кідіріп қалатыным бар. Менің жетістіктерім аудандық, облыстық  Азда болса айтып кетейін .

Ең алғаш барған өре бәйге “Абай оқулары” болатын одан жүлделі 2 орын иелендім. Кішігірім әссе байқауы болды, оданда жүлделі 3 орын мен марапатталдым. Уақыт өте келе жоғары да айтқан жас ғалым сайысына дайындық бастадым. Аудандықтан өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Облыстыққа өткен соң республика маған арман болатын. 10 сыныпта қатысқанымда жолым болмай ала алмадым. Келесі жылы яғни 11 сыныпта қателіктерімді жөндеймін деп тағы дайындалып тағы қатыстым, одан да бәрібір республикаға жолдама ала алмадым. Сол дайындықтар арасында да жарыстарға қатыстым ол аудандық “Katev”  болатын одан жүлделі 3 орын иеленіп қайттым. Жоғарғы оқу орындарында  ішкі гранттарға байланысты олимпиадаларға да қатыстым, қатысыпта жатырмын. КАСПИИСКИЙЙ университетінде болған “Создавая Будущее” атты сайыста “Болашақтағы мамандықтар болашағы” атты презентация қорғап шықтым. Нәтижесінде 25% жеңілдік ұтып алдым.

Жақсы журналист болу жолында қазір армандап, мақсат қойып, сол жолда тырысып жатырмын. Бұл мақалам мектеп қабырғасында  журналист ретінде жазған 4 мақала және мен оны мақтан етемін. Мақала жаз, шығармашылыққа ден қой деп өз ақыл кеңесін беріп, осы жолдан сүрінбей өтуіме үлкен үлес қосып жүрген ардақты ұстазым Манапова Ұлан Наурызбекқызына  алғыс айтамын .

Қорыта келгенде, менің жеткен жетістіктерім маңдай тердің арқасында келген. Бір емес бірнеше адамдардың еңбегімен келді. Ал мен жай ғана армандаушы ғанамын, сол арманымды орындаған ұстаздарым, және болашақтағы мамандығымды қателеспей тандағаныма сенімдімін. Сөз соңында айтарым жеткен жетістіктер мені әрқашан жеңіске жетелейді. Бұнымен тоқтап қалмақ емеспін менін бағындырар белесім әлі алды мен оған сенемін! Армандаңыз армандар орындалады! Менің арманыма жетуіме бір-екі қадам қалды.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама