Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кәміл пірге сыйынсақ

КӘМІЛ ПІРГЕ СЫЙЫНСАҚ

  1. Он сегіз мың ғаламды жаратушы, оның әміршісі – Аллаһ.
  2. Алланың әлшісі, Ислам діннің пайғамбары – Мұхаммед (с.ғ.с.).
  3. Мұсылман әйелдерінің пірі – Хауа ана мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы – Фатима.
  4. Жер иесі – Қызыр ата.
  5. Қыс иесі – Зымыстан.
  6. Жаз иесі – Табыстан.
  7. Су иесі – Сүлеймен пайғамбар.
  8. Ұсталар мен шеберлер пірі – Дәуіт пайғамбар.
  9. Дерт иесі – Лұқпан Хәкім.
  10. Амандық, сақтық пірі – Ғайып ерен, Қырық Шілтен.
  11. Қасиет, ырыс, береке пірі – Қыдыр және Ілияс пайғамбар.
  12. Сабырлылық пірі – Аюб пайғамбар.
  13. Білімпаздар пірі – Ідіріс пайғамбар.
  14. Қаһариандар пірі – Әзіреті Әли.
  15. Шейіттер пірі – Хамен мен Құсайын.
  16. Жомарттар пірі – Атымтай жомарт.
  17. Әділдік пірі – Жәмшид патша.
  18. Түйенің пірі – Ойсыл қара.
  19. Жылқының пірі – Қамбар ата.
  20. Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
  21. Қойдың пірі – Шопан ата.
  22. Ешкінің пірі – Шекшек ата.
  23. Егіншінің пірі – Диқан баба.
  24. Сараңның пірі – Қарынбай.

 

ПЕРІШТЕНІҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНСЫН

  1. Жәбірейіл – Аллаһ тағала бұйрығын пайғамбарларға жеткізуші періште.
  2. Мекайыл – табиғат періштесі.
  3. Исрафил – қиямет күнінде жел тұрғызатын періште.
  4. Әзірейіл – ажалы жеткендердің жанын алатын періште.
  5. Мүңкір-Нәңкір – қабірде сұрақ алатын періште.
  6. Қарамин – оң жақта отырып сауап алатын періште.
  7. Катибин – сол жақта отырып күнә жазатын періште.
  8. Суруш – даналық, зейін, ілім, білім періштесі.
  9. Ібіліс – аздыру, азғыру періштесі.
  10. Дардайыл – ай, күн, жұлдыз періштесі.
  11. Зұлқайыл – қиямет күнінде таразыға алып баратын періште.
  12. Ридуән – жұмақ періштесі.
  13. Мәлік – тозақ періштесі.

 

НЕНІ ҰМЫТПАУ КЕРЕК

  1. Жаратушы – жалғыз Аллаға қарыз.
  2. Ислам дінінің иесі – Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарыз.
  3. Өмірге әкелген – ата-анамызға қарыз.
  4. Тәлім, білім берген – ұстазға қарыз.

 

БҰЛЖЫМАС БЕС БОРЫШ

Ағайын, ілік, жақын, таныс адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:

  1. Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш;
  2. Адамның өзіне байланысты борыш;
  3. Мемлекет пен халық алдындағы борыш;
  4. Үй іші, жақындарға арналған борыш;
  5. Адамгершілік әлеміне деген борыш.

Бұл қағида Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған.

 

АЙНЫМАС АЛТЫ ПАРЫЗ

Сыйлас, аралас-құралас жүрген адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:

  1. Бір-біріне әдейі іздеп барып, сәлем беруге;
  2. Шақырған кезде кідірмей баруға;
  3. Кеңес сұраса – пайдалы ақыл қосуға;
  4. Сұрағына – толық жауап беруге;
  5. Ауырып қалса – көңілін сұрауға;
  6. Қайтыс болғанда – жаназасына, жерлеуге қатысуға.

Бұл парызды да ұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан екен.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Павлодар қаласы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама