tengrinews.kz
- 11 мам. 2026 22:30
- 29
Кокшетауда әйелді көлікпен қағып өлтірген оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды
Көкшетауда автотұрақтан шығып бара жатқан көліктің астында қалған 52 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізуші мен көлік иесіне қылмыстық іс қозғалды
Полицияның мәліметінше, көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу және көлік құралдарын пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқығы жоқ екені және тиісті дайындықтан өтпегені анықталды.
Сондай-ақ, көліктің иесі, яғни әйелдің жұбайы да жауапқа тартылуда. Оған рұқсаты жоқ адамға көлік бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Мұндай құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Тергеу жалғасуда
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
11 мамырда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге қатысты «үй қамағы» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Ақмола облыстық полиция департаменті басшылығы бұл қылмыстық істің тергеу барысын бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда тұрғын үй кешенінің автотұрағына кіре бергенде көлік әйелді қағып өлтірген болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.