- 15 қыр. 2016 00:00
- 209
Колледждерде тегін тамақ болмайды - ҚР БҒМ
2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында колледж студенттерін тегін тамақпен қамтамасыз етуге қосымша қаражат қарастырылмаған.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суxанбердиева мәлім етті.
"Менде тамақтандыруға қатысты сауал. Бұрын колледждерде тегін тамақ болатын. Кейін оны тоқтатып тастады. Бұрын қаражат бөлініп келді, қазір - жоқ. Теxникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүйесіне қайта енгізу жоспарда бар ма?", - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суxанбердиеваға қаратып айтқан сауалында.
"Тегін тамақтандыру бойынша бізде оған қаражат қарастырылмаған. Себебі бізде барлық қаражаттар алғашқы кәсіптік білімді тегін беру және дамытуға бағытталуда. Біз бұл мәселені талқылағанбыз", - деді Суxанбердиева.