Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнайды өңдеу
Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнайды өңдеу (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға көмірсутектердің табиғи көздері, мұнайға ілеспе газ, тас көмір және мұнай жөнінде білім беру;
2. Тәрбиелік: оқушыларды ойлауға, экологиялық тұрғыда тазалыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: мұнайды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау туралы білімін дамыту;
Сабақтың міндеті: Оқушылардың өз біліміне сүйеніп белсенді ету және жаңа түсінік қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:
1. Баяндау
2. Интерактивті
3. Түсіндірмелі - иллюстративті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ - жауап арқылы сұрау
III. Жаңа сабақ
Көмірсутектердің табиғи көздері
↓
Табиғи газ ---------------------- Мұнай ------------------------ Тас көмір
----------------Қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәрізді сұйықтық.
↓---------------------------------------------------------------------↓
Ашық түсті ------------------------------------------------------ Қара түсті
Бензин, лигроин, керосин, газоль --------------------------- мазут
Мұнайдан алынатын өнімдер және олардың қолданылуы. Мұнайдың өзі әр түрлі: ракеталық, авиациялық, автомобильдік, дизелдік, қазандық жағармайлардың, табиғи сұйық отын шикізаты болып табылады.
Мұнай – қайнау температуралары әр түрлі көмірсутектер қоспасы болғандықтан, оны өңдеудің негізгі әдісі – айдау болып табылады. Серік газдардан және судан арылғаннан кейін, мұнай қыздырылады, сонда ол фракциялары бөлінеді.
1. 40 - 200оС аралығында С5 - С9 көмірсутектері бар бензин фракциясы. Қайталап фракциялағанда авиациялық және автомобильдік қозғалтқыштардың бензиндері алынады.
2. 150 - 300оС аралығында С10 - С16 көмірсутектері бар керосин фракциясы бөлінеді. Керосин шам, трактор, реактив жанармайларына пайдаланылады. Керосиннің газойлмен қоспасы – дизель жанармайы. Алғашқы екі фракция ашық түсті мұнай өнімдерін береді.
3. Мұнай қалдығынан тұтқыр, қара сұйықтық мазут деп аталынады. Мазут қазандық қондырғыларында отын ретінде қолданылады. Мазутты қосымша айдағанда – машина, ұршық, цилиндр жағармайлары алынды. Мазуттан вазелин және парафин бөлініп алынды. Вазелин медицинада қолданылады. Парафин сіңірілген сүректер сіріңке және қарындаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Мазут өңделгеннен кейін жол құрылысында кеңінен қолданатын гудрон алынды.
Мұнайды өңдеу оны тауарлық өнімдерге айналдыруға негізделген. Мұнай айдаудың өндірістік қондырғысы құбырлы пештен, ректификациялық мұнарадан және тоңазытқыштан тұрады.
Пеште орналасқан құбырлар арқылы мұнай үздіксіз жіберіліп, 350оС - қа дейін қыздырылады және мұнай буы ректификациялық мұнараға өтеді. Оның биіктігі 40м - ге жуық, ішінді тесіктері бар табақшалары бар көлденең қалқандардан тұратын болат мұнара. Мұнай буы табақша тесіктерінен өткенде қайнау температураларына байланысты, олар да конденсацияланады. Алдымен мұнайдың ұшқыштығы төмен құрамдас бөлектер конденсацияланады. Мұнайдың ең жеңіл қайнайтын фракциясы – бензин тоңазытқышта конденсацияланып, мұнараға жартылай қайтып оралады, сонда көтерілген булар суып, конденсацияланады.
Мұнайды айдағанда мынадай негізгі мұнай өнімдері бөлінеді:
a) Құрамында бензин мен лигроин бар бензин фракциясы;
b) Құрамында керосин мен газойль бар керомсин фракциясы;
c) Мазут;
Мұнай өңдеудің ең сапа өнімі - бензин.
Мұнай өңдеудің ең тиімді әдісі – крекинг. Оның мәнісі жоғары қайнайтын көмірсутектердің ауыр молекулаларын негізінен бензин түзетін төмен қайнайтын көмірсутектердің жеңіл молекулаларына бөлшектеу. Бұл жағдайда 10 - 12 көміртек атомдары бар көмірсутектер 5 - 10 көміртек атомдары бар қаныққан және қанықпаған көмірсутектерге бөлшектенеді, мысалы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.