Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны
Компьютерлік технологияның ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны

Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу
Секциясы: Информатика

Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың бойына ұлттық болмысымызды сіңіру, дамыту және қалыптастыруда ақпараттық технологияның, оның ішінде компьютерлік технологияның тиімділігін пайдалану.
Гипотезасы: Компьютерлік технологияның мүмкіншілігін дұрыс, мәдениетті қолдану арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмыстарымызды қалыптастыруға арналған жатығулардың топтамасын құру.

Зерттеу кезеңдері: Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.
Әдістемесі: - Сауалнама;
- Схематикалық сараптама;
- Практикалық әдіс;
- Ұлттық болмыстың қалыптасу көзін анықтау;

Жобамыздың атынан байқағандарыңыздай қозғап отырған тақырыбым елең еткізетін көкейкесті проблема емес. Бірақ та күнделікті өмірде өзімнің араласатын ортамның ұлттық болмыстың элементтерін қолдануын, ол туралы қалыптасқан білімдерін бақылай келе, ойға түйгенімнің нәтижесінде менде осы салада қызығушылық пайда болды. Сол қызығушылық ғылыми ізденіс айдынына жол тартуға түрткі болды. Қазақтың ұлттық болмысын оқушылар бойына қалыптастыруда информатика пәні арқылы іске асыруға неге болмасқа деген ниетпен және информатика ғылымына титей де болсын үлесімді қосқым келді.
Тікелей тақырыптың негізгі өзектілігіне көшсем, мұндағы «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары мен тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, мені ұрпақтан-ұрпаққа берілуі қызықтырды. Осы құндылықтардың оқушылар арасында қалыптасу деңгейіне үлес қосу — ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Бұл тұрғыда мен әртүрлі ақпараттар көздері мен ғалымдардың зерттеу жұмыстарына және оқушылармен жүргізген сауалнамалаға жүгіне отырып, мектеп оқушыларын оқыту-тәрбиелеуде қажеттілігін өз түсінігім бойынша ұсынамын.
Мен кейбір оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді , ырымдарды жиі қолдануына байланысты өзіме «Неліктен?» және «Оларға бұл ұғымдар кімнен және қалай қалыптасқан?», «Қалай бойына сіңіріп ,әрі дамытты екен?» деген сияқты көп сауалдар жолдадым. Осы сауалдарға жауап беру мақсатында көп іздендім.

Негізгі бөлім
2.1 Жобаға қатысты ғылым негіздері
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.
Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын. Яғни, информатика пәнін оқыту барысында да көрнекілік ретінде ұлттық болмысты қалыптастыруға көмегі тиетін жинақтар, электронды оқулықтар қолданылса деген ниеттемін.

2.2 Ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың көздеген межелерінің бірі –сол ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде жасаған жұмысым арқылы шамалы болса да үлес қосу.Енді салт-дәстүр ұғымына анықтама беретін болсақ:
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
Мен ұсынып отырған қосымша оқу құралының оқушыға , мұғалімге пайдалануда тиімді болуын көздедім. Ұлттық болмыс ұғымы ауқымды болғандықтан, оны мағынасына қарай топтастыруды жөн көрдім. Сабақтағы өтілетін тақырыпқа байланысты компьютерде әуелгі негізгі бума жасалу керек , ол буманың ішіне тақырыпқа қарай бірнеше бума орналасу тиіс. Әр буманы тышқанмен шерту арқылы ашып, орналасқан сілтемелер арқылы оқып-үйренуге болады.

«Ұлттық ұғымдар» негізі бумасы. Оның ішінде әртүрлі ұғымдарға байланысты бумалар орналасады.
1. «Жеті санымен байланысты ұғымдар» бумасы . Бұл бумада осы тақырыпқа қажетті бірнеше файлдар болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,Мақаншы ауылы,
«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша »КММ.
информатика пәні мұғалімі Бекишева Ғазиза Есенқызы.
Орындаған 11 А сынып оқушысы Мұсабаева Балжан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама