Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары
Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілі мен ойлауын дамытудың жолдары

Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» - дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Сөздік жұмысының ерекшелігі : тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларғы сөздік жұмысын жүргізудің маңызызор.

Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.
Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады:

1.Мазмұнды сөйлеу;
2.Жүйелі сөйлеу;
3.мәнерлі сөйлеу;
4.Дәл сөйлеу.

Мазмұнды сөйлеу - ойды айқын, сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына әсер ете білу шеберлігі.Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады.
Қазіргі қазақ тілінің сөздігі – жалпы тіліміздегі қолданылып жүрген әдеби тіліміздің лексикасы.Халық пайдаланып жүрген сөздер кәдімгі қолданып жүрген техникалық терминдер, мамандыққа байланысты сөздер, диктант сөздер, жер-су, өсімдік,жан-жануар т.б. сөздерден тұрады.

Жүйелі сөйлеу – оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,әуелі не жөнінде т.б. жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.
Мәнерлі сөйлеу - барысында әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді.

Дәл сөйлеу – баланың сөйлеу тілінде дәлділік қажет.Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, әсері болмақ емес.
Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:
1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.
2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.
3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.
4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.
5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.

6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.
7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.
Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.Мәтіндегі кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру 3 кезеңде жүргізіледі:
1.Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;
2.Мәтінді оқу барысында;
3.мәтінді оқып шыққаннан кейін.
Ал, өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан соң ғана жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама