Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Күш. Деформация
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін өздігінен кез келген жағдайда пайдалана білуге үйрету;
Б) Дамытушылық: Оқушының даму жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру;
В) Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету, балаларды еңбектене, іздене білуге баулу;
Сабақ түрі: Десант сабақ
Сабақтың көрнекілігі мен техникалық құралдар: интерактивті тақта, пластилин, шар, таразы, серіппе, сызғыш, сағат, мензурка, термометр;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) «Кім тапқыр?» сайысы
Тест сұрақтары
1. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
А) Заттың тығыздығы;
В) Дененің массасы;
С) Дененің көлемі;
2. Заттың тығыздығын табатын формула
А) m=ρV;
B) V=m/ρ
C) ρ=m/V;
3. Тығыздықтың өлшем бірлігі.
А) кг;
В) кг/м3;
С) м3;
4. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, қалыңдығы 3см алтын кесегінің көлемі қандай?
А) 120 см3;
В) 100 см3;
С) 150 см3;
5. Бір қалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтайтын формула.
А) v=S/t;
B) S=v∙t;
C) m=pV;
6. 72 км/сағ неше м/с - қа тең?
А) 10 м/с;
В) 20 м/с;
С) 15 м/с;
7. Аспан денелерінде және олардың жүйелерінде өтетін құбылысты зерттейтін ғылым.
А) физика;
В) астрономия;
С) география;
8. Заттың неше күйі болады?
А) 2;
В) 4;
С) 3;
9. 1 кг – да неше грамм бар?
А) 1000 гр;
В) 100 гр;
С) 0, 001 гр;
10. Қазақстанның алғашқы ғарышкері кім?
А) Талғат Мұсабаев;
В) Юрий Гагарин;
С) тоқтар Әубәкіров;

Дұрыс жауаптар: 1А; 2С; 3В; 4А; 5А; 6В; 7В; 8С; 9А; 10С

Б) «Кім білгір?» сайысы.
Өлшеу құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту.
Термометр;
Сызғыш;
Сағат;
Мензурка;
Таразы;

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Білегі күшті бірді жығады,
білімі күшті мыңды жығады».
«Көптің күші – бірлікте».

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.
Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.
Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне Ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама