Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жанұядағы сыйластық
Сабақтың тақырыбы: Жанұядағы сыйластық.
Сабақтың мақсаты: 1. Отан ұлттың қара шаңырағы мен отбасы арасындағы байланысты
ұғындыру.
2. Отан, отбасы, жанұя туралы түсініктерін кеңейтін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамыту.
3. Отансүйгіштікке, өзара сыйластыққа, отбасы мүшелеріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жұлдызшалар, т. б.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар. " Отан отбасынан басталады " атты 2 сыныптар арасында өтіп жатқан апталықта " Жанұядағы сыйластық " атты тәрбие сағатына қош келдіңдер.
Қане, қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Балалар біз неге шеңберге тұрып сабағымызды бастадық? Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы бір – бірімізге күлімдеп қарап бақыт қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер сонымен қатар қай әріпке ұқсайды.
О - әрпіне.
О - әрпінен басталатын қандай сөздерді білеміз?
(Балалардың жауабы)
- Жарайсыңдар, балалар жаңа ғана "Отан" және "Отбасы" дедіңдер. "Отан" деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Жарайсыңдар, осылайша Отан адамның түп тұқияны ата – бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты ең қасиеттісі, ең аяулысы Анасына балайды. Біз қазір өз Отанымызды қаншалықты жақсы көреміз, соны білу үшін оқушылардың өлеңдерін тыңдап көрейік.

ІІ. Өлеңдер:
1. Жақан Смақов. Отан
Гүлдердің ертемен
Қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпеңбек,
Мөп - мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын -
Ұнатам бәрін де,
Өйткені ол – Отан *
Ұлы Отан
Бәрін де бәрін де
Ұнатам,
Өйткені ол – Отан –
Ұлы Отан.

2. Мұқағали Мақатаев. Отан туралы. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем. Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған "Отан" деп сыбырлаған. Жаным менің кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

3. Өтебай Тұрманжанов. Туған өлкем.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Би: Қаражорға.
- Жақсы балалар "Отбасы деген не?"
- Отбасын кімдер құрайды?
Отбасы
Ата, әже

әке ұл қыз шеше
- Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
- Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы адамзаттың аса қажетті мектебі.
- Жарайды балалар отбасындағы адамдар бір – бірімен қандай болу керек?
- Енді осы айтылғандарды нақтылай түсу үшін мына Отбасы татулығы деген әңгімені тыңдап көрейік.

ІІІ Әңгімелеу.
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым болып бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруді елді таңқалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап – таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патша отбасының қалайша бақытты тату – тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасының татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет "сүйіспеншілік", жүз рет "кешірім", жүз рет "бірлік" деп қағазға жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып
- Осы – ақ па?
- Иә, - деді ақсақал – Барлық жақсылық, баолық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады, - деді де сәл ойланып, және "шыдамдылық" деген сөзді қосып қойды.
- - Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар?

* Сүйіспеншілік
* Кешірім
* Бірлік
* Шыдамдылық

- Балалар, адамға өмірде ең қымбат – отбасы. Отбасында сүйіспеншілк, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
- Отбасы сөзін кейбір кездері жанұя сөзімен де ауыстырып айтады. Жанұя бұл көп мағыналы сөз.
- Жер бетіндегі әр адамның, жан - жануарлардың, құрт - құмырсқалардың, құстардың өзінің "Туған үйі – ұясы бар". Ал, біздер үйімізді "Жанұя" деп атаймыз. Жанұяның өзіндік салт - дәстүрі, бір - біріне деген сыйластығы бар.
- Жанұядағы сыйластық туралы шәкірттеріміз не біледі екен?
1. Әр адамның өзінің отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады. Олар кез - келген істі бірігіп атқарады., бір - біріне көмектеседі.
2. Отбасында үлкенді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге үйренеміз.
3. Отбасы үлкен және кіші болады.
4. Адам өмірі отбасынан басталады.
5. Тәрбие отбасынан басталады.
- Жарайды, осы айтылғандарды нақтылай түсу үшін мына көріністі тамашалайық.

ІY Көрініс. "Өмірлік сый".
- Балалар анасының "Әпкең мен ағаң - өмірлік баға жетпес сый" деген сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың жауабы)
- Жарайды, демек жанұядағы сыйластықты сақтау біздің өз қолымызда екен. Ол үшін үлкенді сыйлап, кешірімді болуымыз керек.

Татулық - табылмас бақыт.
- Отбасындағы береке, бірлікті сақтау үшін мынадай сыпайы сөздерді көбірек пайдалану керек.
1. Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
- Не деп барып, жеу керек?

2. Әжең сенің түскі асқа
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол.
- Жөн еді не айтқаның?

3. – Добын апар Назардың!-
Деді ағаң, бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
- Сен қай сөзді айтпадың?

Ән: "Мен әдепті баламын".
- Жарайсыңдар, енді жанұя мүшелері олардың сыйластығы туралы білетін өлеңдерімізді айтып көрейік.

Y. Өліңдер.
- Жарайсыңдар, балалар біз бүгінгі тәрбие сағатымыздан көкейімізге не түйдік?
(оқушылардың жауаптары)
- Балалар, мен сендерге үйден ата - аналарың мен бірге жұлдызша жасап келуді тапсырғанмын.
Енді мына сөйлемді оқып жіберейік. "Әр жанұяның басы жарқырап жанған жұлдыздай".

YІ. Қорытындылау.
- Енді балар шеңберге тұра қалайық. Жанұямызға жылы лебізімізді білдірейік.
- Жарайсыңдар балалар,
- Біз қандай елміз?
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз, ХХІ ғасырды отбасы тату, өнерлі болуы тиіс – деген екен. Біз өз жанұямызбен бірге жарқырап жанған жұлдыздай тату да, өнерлі балалар болайық деп бүгінгі "Жанұядағы сыйластық" атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ән:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама