Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Маңғыстау облысында жер сілкінді

Маңғыстау облысында жер сілкінді

Маңғыстау облысында жер сілкінді Жер сілкінісінің ошағы Ресейде орналасқан. Жер асты дүмпуін Маңғыстау облысының тұрғындары сезді, деп хабарлайды Infohub.kz.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісін «НТСНИ» МЭК сейсмикалық стансалар желісі сағат 1:33-те тіркеді.

«Зілзала ошағы Ресей аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде орналасқан», - делінген хабарламада.

Ақтаудан 209 шақырым жерде Маңғыстау облысында болжамды қарқындылық 2 баллды құрады.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, Дербент қаласынан (Ресей, Дағыстан) 51 шақырым жерде Каспий теңізі аймағында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама