Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

 

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Данияр Жандаев қамауға алынды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Infohub.kz.

Экс-басшы бір ай бұрын ғана жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты қызметінен кеткен. Алайда Құмар Ақсақалов оның жұмыстан шығу себебін ашық түсіндірді.

«Денсаулық сақтау жүйесі Жалпы схемалар бойынша жұмыс істейді. Олар мемлекеттік сатып алуды өздері реттейді. Жандаев түрлі себептермен жұмыстан шығарылды. Оның бірі — сатып алу саласындағы кемшіліктер. Әр медициналық мекемедегі бақылау кеңестері бәрін көріп, естіп, біліп отыруы керек. Сатып алынатын жабдыққа қажеттілік бар-жоғын түсіну маңызды. Бақылау көп болуы керек», - деді өңір басшысы.

Сыбайлас жемқорлыққа күдікті Жандаев Астанада қамауға алынды.

Данияр Жандаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2022 жылдың тамызында тағайындалды. Ол бұған дейін екі жыл бойы Қостанай қалалық ауруханасы басшысының міндетін атқарған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама