tengrinews.kz
- 13 мам. 2026 06:31
- 35
Маңғыстауда демалыс күні шашлықтан тұншығып, әріптестерінің көзінше қайтыс болған ер адам
Маңғыстау облысында табиғат аясындағы демалыс кезінде қайғылы оқиға болды. Ақтау қаласындағы мектеп қызметкерлері Аралбай бұлағына маусымдық демалысқа шыққан. Сол жерде 56 жастағы ер адам шашлықтан тұншығып қалған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында оған көмек көрсете алмаған, ер адам сол жерде көз жұмды. Оқиға куәгерлері – әріптестері болды.
Полиция тексеру жүргізуде
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.