Мақал-мәтелдер математика сабақтарында
Математика курсында түрлі шама өлшеуіштері өтіліп, оларға арналған көптеген есептер шығартылады.
Мұндай шамалар: ұзындық, аудан, көлем, уақыт, жылдамдық.
Міне осы шамалар, олардың өлшеуіштері туралы мәліметтер беру кезіңде, бұл шамаларды өлшеудің байырғыдан қазақтар арасында кеңінен қолданыс тапқан түрлері туралы айтуға болады. Мысалы ұзындық өлшеуіштерін өткенде: шақырым, құлаш, қадам, қары, қарыс, сүйем, бармақ, буын, елі, шынашақ, кез, көш жер туралы түсінік беріп, мөлшерлеп болса да 1шақырым - 850 м, 1қарыс - 20 см, 1қары - 85 см, 1құлаш - 142 см, 1елі - 2см, екендігін айтуға болады.
Сол сияқты масса өлшеуіштері. 1 қап, 1 пұт, 1үлкен табақ, 1мысқал, 1шөкім; уақыт өлшеуіштері: бие сауым, сүт пісірім, қас қабағым, ет пісірім; көлем өлшеуіштері: көнек, жанторсық туралы мәлімет беруге болады. Кейбір өлшеу бірліктерінің мағынасын, өзара байланысын түсіндіру мақсатында, баспа беттерінде жарияланып жатқан мақалаларды кеңінен пайдалануға болады. Мыс: М. Әлімбаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланып «Ескі өлшемдер» жинағын оқып ұсынуға болады. Оның бірнешеуін қаз - қалпында беріп отырамыз.
Шақырым: Дауыс жетер аралық
Шақырым деп аталған.
Даладағы даналық -
Қалған арғы атаңнан
Сүйем: Жүрген елдің ойында
Ескі өлшемдер мол екен.
Бір сызықтың бойында
Созсақ сұқ қол, бармақты -
Сүйем деген сол екен.
Шөкім: Ескі өлшемді білші,
Ұмытпастан бекем бол.
Үш саусақпен шымшы,
Қанша іліксе - шөкім сол.
Қарыс: Бір сызықтың бойында
Бармақпен ортан қолыңды
Созсаң өлшей қоюға -
Қарыс деген сол екен.
Екіншіден, сандарды оқып - үйрену барысында, оларды есте сақтау үшін арасында сандар қолданыс тапқан мақал - мәтелдерді кеңінен пайдалануға болады. Бұл, санның адамзат өміріндегі маңызын анықтай отырып, сонымен қатар мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсініп - үйренуге септігін тигізеді. Осындай мақалдардың 3 - 4 - нен мысал келтірейік.
1 - санына байланысты:
«Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер - мәңгілік»
«Бір жылы сөз бір күнге азық»
«Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды»
2 - санына байланысты:
«Екі жақсы қас болмас; екі жаман дос болмас»
«Ерке бала - екі жылар»
«Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады»
3 - санына байланысты:
«Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына»
«Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді»
«Ат баспаймын деген жерін үш басады»
4 - санына байланысты:
«Төрт кісіге шәй құйғанша, төртпен бірге қос айда»
«Төрт аяқты жылқы да сүрінеді»
«Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды»
5 - санына байланысты:
«Біреуге бес күн алдын келсе, біреуге бес күн кейін келеді»
«Бес саусақ бірдей емес»
«Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»
6 - санына байланысты:
«Алты жыл аш болсаң да, атаңнан салтың ұмытпа»
«Ағайынды алты болсаң, адам тимес»
«Алты аға бірігіп әке болмас»
7 - санына байланысты:
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі»
«Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады»
«Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады»
8 - санына байланысты:
«Дос егіз болса, дұшпан сегіз»
«Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады»
«Санақ санамай сегіз деме; сынап – сынамай дос деме»
9 - санына байланысты:
«Тойған жерге тоғыз кел»
«Тоғыз әйелдің толғағы бір келеді»
«Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек»
10 - санына байланысты:
«Он саусақтың саны бірдей болғанымен, тұрқы бірдей емес»
«Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық»
«Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады»
12 - санына байланысты:
«Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады»
«Он екі де бір гүлі ашылмаған»
«Шындық он екі қабат шынжырды үзеді»
15 - санына байланысты:
«Болар бала он бесінде баспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді»
«Ұл он беске келгенше, қолындағы қобызын,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,»
«Он бесте отау иесі»
30 - санына байланысты:
«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды»
«Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар»
«Отыз ұлын болғанша, бір жаман шалың болсын»
40 - санына байланысты:
«Жақсы кісі қырық жасында толады,
Жаман кісі қырық жасында солады»
«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық»
Сол сияқты, кейбір санның қолданыстағы баламасы болып келетін сөздерді үйрету мақсатында мына төмендегідей мақалдарды пайдалануға болады.
«Бір - жалғыз - бүтін» сөздері:
«Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес».
«Қайыр қылсаң бүтін қыл»
«Екі – егіз - қос» сөздері:
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»
«Табақты үйдің тауығы – қос жұмыртқа табады»
Сонымен бірге, салыстыру мақсатында қолданыс тапқан сандар кездесетін мақал - мәтелдерді айтқызып, олардың мәнін талдап түсіндіруге болады:
Мыс: Бір және екі сандары:
«Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала»
Бір және үш сандары:
«Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал»
Бір және жеті сандары:
«Бір түлкі жеті бөріні алдайды»
Бір және он сандары:
«Бір тал кессең он тал ек»
Бір және қырық сандары:
«Бір күн тұзың татқанға қырық күн сәлем»
Бір және жүз сандары:
«Бір жақсы дос, жүз туыстан артық»
Бір және мың сандары:
«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді»
Аталған әдістерді сабақ барысында ғана пайдаланып қоймай, соны -
мен қатар класаралық жарыстарда, сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастырғанда кеңінен қолдануға болады.
Мысалы, мынандай математикалық ойын өткізуге болады. Бүкіл класс оқушылары үш немесе төрт топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы, үстел үстінде жатқан төменгі бетінде жасырын саны бар шаршы қағазды кезек - кезегімен алады. Айталық шаршы қағазда «3» саны жазылған.
Енді, топ мүшелері, арнайы бөлінген уақыт ішінде өз ара ақылдасып,
3 санына байланысты мақал - мәтелдерді айтып, оның мәнін түсіндіруі керек. Неғұрлым, айтылған мақал саны көп болса, оларға берілетін ұпай саны да артық болады. Шаршы қағазда «1»-«10» деп жазылуы да мүмкін. Мұндай жағдайда, айтылатын мақалда 1 мен10 саны қатар келуі шарт.
Мысалы: «Бір адамның жаққан оты он адамды жылытады». Егер топ мүшелері тапсырмаға жауап бере алмаған жағдайда қарсы топтың мүшелері тапқырлық көрсетіп ұпай олжалаулары мүмкін. Мұндай өткізілетін шарларға, ата - аналарды, өзге класс оқушыларын шақырып, қатыстыруға әбден болады, бұл жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттырады.
Ойыл ауданы Жақсыбайкөл негізгі мектебінің
7 класс оқушысы Имашова Ерсұлу Имашқызы