Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 05 мау. 2026 17:30
- 47
Айман Талғатқызы: Бренд киім кию – мақтаныш емес, талғам мәселесі
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі сынға жауап беріп, бренд киімге қатысты көзқарасын ашық айтты.
Бұл жағдайға оқырмандардың бірінің пікірі себеп болған. Желі қолданушысы Айман Талғатқызының киім үлгісін сынап, «Үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой» деген пікір қалдырған.
Айман Талғатқызы бұл сынға сабырмен жауап беріп, бренд киімді міндетті түрде кию керек деген түсінікпен келіспейтінін жеткізді.
«Кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол адамның стилі тек қымбат киіммен өлшенбейтінін айтты. Оның пікірінше, бастысы – киімнің жарасуы мен адамның талғамы.
«Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Сен не кисең де үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!» - деді Айман Талғатқызы.