Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
Атырауда орталық көпір уақытша жабылады

Атырау қаласында 6 маусымнан бастап орталық көпірде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл шектеу Абай көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарына орай, жол полициясы мен әкімдік қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттарын өзгертуге мәжбүр болады. Жаңа бағыттар бойынша ақпаратты қала билігі арнайы сызба арқылы жариялайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан кептелістерді болдырмау үшін қала бойынша қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қараулары сұралады.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көпірде көлік және қоғамдық көліктердің қозғалысы штаттық режимде толық қалпына келтіріледі.

Жаңалықтар

Жарнама