Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Түркия жағажайларында темекі шегуге тыйым салынды: туристерге жаңа ереже

Түркияның танымал курорттарына баратын демалушылар енді жағажайда темекі шегу ережелерін ескеруі керек. Анталья қаласында 5 маусымнан бастап жағажайларда темекі шегуге толық тыйым салынды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тыйым салынған аймақтар

Жаңа ережелер алғашқыда Лара, Белек, Чамьюва және Бич Парк сияқты төрт танымал жағажайға қатысты болады. Бұл аймақтар Қазіргі таңда Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің басқаруындағы жағажайлар болып саналады. Алайда, билік "түтінсіз аймақтарды" болашақта кеңейтуді жоспарлап отыр.

Шектеулердің себебі

Бұл шешім Ақдениз университетінің зерттеулерінен кейін қабылданды. Зерттеу нәтижесінде теңіз түбінен темекінің қалдықтарының тым көп мөлшерде табылғаны анықталды. Жоба үйлестірушісі Эбру Шахинның айтуынша, темекі қалдықтары теңіз экожүйесіне зиян келтіреді.

"Теңіз түбіндегі суреттерде бастапқыда теңіз организмдері немесе губкалар деп ойлаған заттар табылған, бірақ олар темекінің қалдықтары болып шықты", - деді Шахин.

Бұл шара теңіз флорасы мен фаунасын қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, жағажайларды балалармен демалатындар үшін таза әрі жайлы ету көзделген.

Болашақ жоспарлар

Бұл жаңалық Антальяның экологиялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Қалада тегін ауыз су станциялары орнатылып, қайта өңдеуге арналған контейнерлердің желісі кеңейтілуде. Бұл шаралар бір реттік пластикті қолдануды азайтуға көмектеседі.

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі де бұл бастаманы қолдайды. Елде темекі шегуге тыйым салынған қоғамдық орындарды кеңейту туралы заң жобасы әзірленуде. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл құжат соңғы келісу сатысында.

Түркияның амбициялық мақсаты – 2040 жылға дейін ел аумағында темекі өнімдерін сатуды толығымен тоқтату.

Жаңалықтар

Жарнама