Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математикадан емтихан сұрақтары (5 сынып)
5 сынып математикадан сыныптан
сыныпқа көшу емтиханының сұрақтары.

1 - билет.
1. Санды өрнек. Әріпті өрнек. Мысал келтір.
2. Ондық бөлшекке бөлу.

2 - билет.
1. Теңдеу дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Квадраттың периметрін есептеу формуласы.

3 - билет.
1. Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі.
2. Санның жуық мәні. Сандарды дөңгелектеу.

4 - билет.
1. 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері.
2. Квадраттың ауданын есептеу формуласы.

5 - билет.
1. 3, 9 сандарына бөлінгіштік белгілері.
2. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін есептеу формуласы.

6 - билет.
1. Жай сандар, құрама сандар.
2. Кубтың көлемін есептеу формуласы.

7 - билет.
1. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.
2. Жүрілген жолды есептеу формуласы.

8 - билет.
1. ЕҮОБ. Өзара жай сандар.
2. Уақытты есептеу формуласы.

9 - билет.
1. ЕКОЕ.
2. Жылдамдықты есептеу формуласы.

10 - билет.
1. Шеңбер және дөңгелек. Радиус және диаметр.
2. Ондық бөлшек дегеніміз не?

11 - билет.
1. Үлестер және жай бөлшектер.
2. Ондық бөлшектерді салыстыру. Координаталық сәуледе бейнелеу.

12 - билет.
1. Жай бөлшектердің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту.
2. Ондық бөлшектерді қосу.

13 - билет
1. Дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек. Аралас сандар.
2. Ондық бөлшектерді азайту.

14 - билет.
1. Координаталық сәуле деген не? Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.
2. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

15 - билет
1. Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.
2. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту.

16 - билет
1. Жай бөлшектерді салыстыру.
2. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

17 - билет
1. Жай бөлшектерді қосу.
2. Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу формуласы.

18 - билет.
1. Аралас сандарды қосу.
2. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеу формуласы

19 - билет
1. Жай бөлшектерді азайту.
2. Сандардың арифметикалық ортасы. Өзгеріс ауқымы. Модасы.

20 - билет
1. Аралас сандарды азайту.
2. Процент. Санның процентін табу.

21 - билет.
1. Жай бөлшектерді көбейту.
2. Проценті бойынша санды табу.

22 - билет.
1. Өзара жай сандар
2. Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі.

23 - билет.
1. Санның бөлігін табу.
2. Бұрыштың түрлері.

24 - билет
1. Жай бөлшектерді бөлу.
2. Берілген градустық өлшемі бойынша бұрыш салу.

25 - билет
1. Бөлігі бойынша санды табу.
2. Диаграмма және оның түрлері.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама