Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ё дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру.
Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы., т. б.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару.
1. Өтілген әріптерді еске түсіру.
ІІ. Өткен Э дыбысын еске түсіру, қайталау.
Сөздерді оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.

2. «Ойлан, тап» ойыны
а) Жұмбақ шешу.
Қысы – жазы бүр түсте.
Ол не?
- Шырша
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Ёлка
- Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Ё дыбысы. (Хормен айту)
- Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б.
- Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ёлка сөзі 2 буыннан тұрады. Ёл – ка 5 дыбыс, е екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл сөзде 4 әріп бар.

3. Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп - билеп аламыз.

4. Дәптермен жұмыс.
а) Сөздік жұмысы.
Шахтёр, монтёр сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау жасату.
ә) Дәптердегі берілген буындарды, сөздерді оқыту.

5. Жазу жұмысы.
Ё ё әрпін бастырып жазу.

6. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді. т. б.

7. «Кім біледі?» ойыны.
Актер, монтер, элеватор сөздеріне талдау жасап, шартты белгімен жазу.

8. «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.»
9. «Кім зейінді» ойыны.
- Балалар мен сендерге С. Мауленов өлеңін оқып беремін. Сендер зейін қойып тыңдаңдар.
- Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мауленов.
Шахтерлерді ел біледі.
Оған сарай – жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
- Өлең кім туралы?
- Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?

10. Қорытындылау.
- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Е е дыбысы қандай дыбыс?
- Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп отырған балаларды мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама