Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Медицина қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысты

Биылғы сәуірде еліміздің түкпір-түкпірінде медицина саласының мамандары «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау көрсетіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Акция аясында дәрігерлер саябақтар мен гүлзарларды абаттандырып, мыңдаған ағаш отырғызды. Сондай-ақ медициналық ұйымдар маңындағы аумақтар тазаланып, көркейтілді.

Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен Астана медицина университетінің студенттері Тұңғыш Президент саябағында сенбілік өткізіп, аумақты қоқыстан тазартып, жүздеген жасыл көшеттер отырғызды. Бұл шара елорданың табиғи келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

Айта кетейік, республика көлемінде өткен сенбілікке он мыңдаған медицина қызметкері қатысып, экологиялық жауапкершілік пен қоғамға қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама