
- 08 сәу. 2025 17:57
- 105
Теміртауда қарияға қол көтерген 9 күдікті 2 айға қамалды
Теміртауда үлкен резонанс тудырған қарияны соққыға жыққан оқиға бойынша тоғыз күдікті екі айға қамауға алынды. Олардың жетеуі — жасөспірім, ал қалған екеуі — ересек азаматтар. Қамауға алу шешімі жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты таңдалған.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша тиісті сот-медициналық және психологиялық сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамаған ата-аналарға қатысты да қылмыстық іс қозғалып, бұл бағытта бөлек тергеу басталды.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде қарияны үйінде ұрып-соққан топтың видеосы тарап, қоғамда үлкен наразылық тудырған еді. Бейнежазбада 16-18 жас аралығындағы жастардың төсектен тұра алмай жатқан қарияны ұрып, бетінен теуіп жатқаны анық көрінеді. Бұл оқиға бойынша әкім орынбасары да жауапқа тартылғаны хабарланған.