Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Менің атым - My name is
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Менің атым –........, My name is......»
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айта отырып, сөздік қорын молайту, сөздерді байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ағылшын тіліне түсініктерін тереңдету, әріптердің қалай айтылатынын ұқтыру. Адамгершілікке, қамқор бола білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздермен таныстыру
Көрнекіліктер: суреттер, видеоролик, дидактикалық материалдар
Амандасу. Шаттық шеңбер құру
Сәлем беру үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнеки, бәріміз
Сәлемдесіп үлкенге:
Саламатсыздар ма, апайлар
Саламатсыздар ма, ағайлар!
Good morning, teachers!
Ал енді «Балабақша - біздің үй» өлеңін бәріміз бірге айтайықшы.
Жатқа білер дос атын,
Дос бар бізде тосатын.
Балабақша – біздің үй
Басымызды қосатын.
- Ой, жарайсыңдар, балалар, енді өз үйіміз туралы кім мақал айтып береді?
- Дұрыс, осы мақал ағылшын тілінде «East or West, Home is Best» - деп айтылады.
- Кәне, кім қайталап айтып көреді? – Жарқынай: «Өз үйім – өлең төсегім.»
Барлығы бірге: «East or West, Home is Best» - деп қайталайды
- Ендеше, балалар, сендер балабақшада көп нәрсе үйренесіңдер: сурет салуды, ән айтуды, би билеуді. Спорттық жаттығулар жасап, денелеріңді шынықтырасыңдар. Сонымен қатар, сауат ашудан ана тіліміз – қазақ тіліндегі, ағылшын және орыс тіліндегі әріптерді, сөздерді айтып үйренесіңдер. Өткен оқу іс - әрекетімізде ағылшын тіліндегі алғашқы A, B, C, D, E, Ғ әріптерімен танысқан болатынбыз. Енді бүгін Gg әріпіне тоқталамыз. Кәне, бірге айтайық: Gg (джи). Әріптерді басынан бастап қайталайық: A, B, C, D, E, Ғ.
Осыдан кейін «ABCDE song» әріптері сөздерімен көрсетіледі.
Теледидардан Ғ әріпінен басталатын сөздердің суреттері көрсетіледі:
ҚР туы, гүлдер, түлкі, балық.
- Балалар, қазір қай мезгіл? Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілі екенін қалай білеміз?
Қыста не болады, ерекшеліктері қандай?
- Қардан не жасаймыз?
- Қардың түсі қандай?
- Дұрыс. Олай болса, аққаланы ағылшын тілінде snowflake деп айтады. Сосын «Little snowflake» (Кішкене аққала) бейнеролигін тамашалайды.
- Бүгінгі тоқталып жатқан Gg әріпіне байланысты ағылшын тіліндегі сөздерді айтайын, сендер қайталап отырыңдар: Grandma - әже - бабушка, grape - жүзім - виноград, goose - қаз - гусь.
Осыдан кейін «Letter Gg» бейнеролигі көрсетіледі.
Дидактикалық ойын. The game « A, B, C, D, E». Есімдері А, Б, С, Д, Е әріптерінен басталатын балалар ортаға шығып, өз аттарын қазақша, ағылшынша айтып береді.
Менің атым – Асылажар, My name is Asylazhar.
Менің атым – Айару, My name is Aiyaru.
Менің атым – Бекзат, My name is Bekzat
Менің атым – Сәкен, My name is Saken
Менің атым – Димаш, My name is Dimash.
Менің атым – Исламали, My name is Islamali
- Ал енді балалар, қатынас білім беру саласында математика бойынша 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеміз. Кәне, бәріміз бірге: - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Сандарды кері қарай санайық: - 10, 9, 8, 7, 6, 4, 5, 3, 2, 1.
Орысша айтамыз: - один, два, три, четырье, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять
Ағылшынша айтамыз: -(Нұрасыл): 1, 2, 3, 4, 5 - one, two, three, four, five.
- Балалар, кім бізге A, B, C толығымен әріптерін айтып береді?

- Жарайсың, отыра ғой, Thank you very much.(Көп - көп рахмет.)
- Енді 1 - 5ке сандарды ағылшын тілінде кім айтып береді?
- OK. Sit down, please. Жарайсың, Нұрасыл, отыра ғой.

Сергіту сәті
Сергіту жаттығуы - «10 саусақ».
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5 - ке 5 - ті қосқанда
Болады екен 10 саусақ
- Үйректің кішкене балапандарын санауға дайынбыз ба, балалар?

- Енді балаларға арналған «ABC song for children» әнін тамашалап және қосылып айтамыз.
- Енді балаларға арналған «ABC song for children» әнін тамашалап және қосылып айтамыз.
Тосын сый сәті
- Балалар, сендерге Жұмбақтай атай көптеген жұмбақтар жасырып, сиқырлы сандыққа салып жіберіпті. Және жұмбақтың жауабын дұрыс тапқан балаларға кішкене ғана сыйлықтары да бар екен. Сыйлық таратылады. Кәне, жұмбақ шешуге дайынбыз ба? Олай болса, бастайын. 7 жұмбақ жасыру.

 - Балалар, осымен «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» аттты ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар! Good - bye teacher!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасы,
Айтқалиев Өркен Айтқалиұлы
Ағылшын тілі мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама