Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзіңе және өзгелерге көмектес- Help yourself and others
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»
Тақырып - Theme: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»- «Help yourself and others»
Білім беру саласы - Educational area: Communication
Бөлімі: Ағылшын тілі
Мақсаты - Aim:
1. Тәрбиелік: Балалардың өткен оқу қызметінде алған білімдерін тиянақтау
2. Білімділік: балалардың адамның дене мүшелерін білу үшін танымдық ой - өрісін кеңейту;
 3. Дамытушылық: балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Дене мүшелері бейнеленген карточкалар, суреттер, бейнетаспа, өлең, саяхатшы Дара қуыршағы.
 Әдіс - тәсілдері: Сурет бойынша сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, жаттату.
Барысы:
Педагог: Good morning, children!
Балалар: Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
We are glad to see you!!!!
Педагог: Thank you very much! Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз - дене мүшелері. Бүгінгі сабағымызда дене мүшелерінің ағылшын тіліндегі атауларын айтып үйренеміз.
Балалар мына жерде жатқан қызыл, сары, жасыл, көк түсті іздер кімнің іздері сендер білесіңдерме?
Балалар: Жоқ білмейміз.
Педагог: Менде білмеймін (Еденде тұрған хатты көріп). Міне қызық хатты мында кім қойды екен! Хатты бірге оқиық, балалар. Хатта: «Мен Саяхатшы Дарамын. Осы жолдан өту шартын дұрыс орындап шықсаңдар менімен кездесесіңдер» делінген.
Ойын шарты: Балалар қызыл түсті іздермен жүргенде секіреді, сары түсті іздермен билейді, көк түсті іздермен жүгіреді, жасыл түсті іздермен адымдап жүреді.
Ал қанекей балалар жолдан өту шартын дұрыс орындап саяхатшы Дарамен кездесейік.
(Балалар түрлі - түсті іздермен жүріп, саяхатшы Дараны тауып алады).
Саяхатшы Дара: Hello! My name is Dora.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы саяхатшы Дара бізге сонау Англиядан қонаққа келіпті. Сендердің ағылшын тілін қаншалықты меңгергендеріңді білгісі келеді. Балалар Дарамен жақынырақ танысайық.
Педагог: Қане балалар біздің Дараға «What is your name?» деген өлеңімізді айтып берейікші.
 Балалар:
Hello, hello
What is your name?
What is your name?
What is your name?
Hello, hello
What is your name?
My name is ______(әр бала өз атын айтады)

 
Саяхатшы Дара: Thank you very much! Балалар неткен көп ойыншықтар, бұның барлығы сендердікі ме?
Балалар: Иә, біздің ойыншықтарымыз.
Саяхатшы Дара: Ал сендер осы ойыншықтардың аттарын ағылшын тілінде білесіңдерме? Қане айтып беріңдерші.
What is it?
Балалар:
It is a ball
It is a car
It is a bear
 Саяхатшы Дара: Рахмет сендерге балалар ағылшын тілін жақсы біледі екенсіңдер. Ал менің Англияға қайтуым керек. Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.
Педагог: Ал енді балалар барлығымыз көзімізді жұмып ағылшын тілінде 10 - ға дейін санап, саяхатшы Дараны шығарып салайық.
Балалар бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «дене мүшелері» деп аталады. Дене мүшелеріне нелер жатады кім айтады?
Балалар: Қол, аяқ, бас, көз, ауыз, құлақ, мұрын жатады.
Педагог: Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Құлақты балалар ағылшын тілінде ear, ал басты head, көзді eyes, ауызды mouth, қолды arm, аяқты foot, мұрынды nose дейміз. Балалар барлығымыз тақтада ілініп тұрған қонжықтың суретіне қарайық та, қонжықтың дене мүшелерін ағылшын тілінде айтайық.
Д/о: «Қай дене мүшесі жоқ?».
 Ойын шарты: Педагог балаларға қонжықтың суретін көрсетеді. Балалар қонжықтың қай дене мүшесі жоқ екенін анықтап, олардың ағылшын тіліндегі атауын айтады.
Педагог: Ал енді балалар жаттығу жасап бір серігіп алайық:
Clap your hands, clap them just like me
Tap your knees, tap them just like me
Touch your shoulders, touch them just like me
Shake your head, shake it just like me
Педагог: Балалар бүгінгі оқу қызметімізде қандай тақырыпта өттік?
Балалардың жауабы: «Дене мүшелерімен танысу»
Педагог: Ағылшын тілінде қандай жаңа сөздерді үйрендік?
Балалардың жауабы: ear, head, leg, eye, mouth, hand, nose.
 Педагог: Ал енді балалар осымен оқу қызметіміз аяқталды good bye, everybody!
Күтілетін нәтиже – The expected result
Жаңғыртады - Reproduce: Күшті, епті сөздерін мағынасын білді
Түсінеді/ Understand: Спорттың адам өміріне маңызы зор екенін түсінді
Қолданады/ Apply: Өзге тілде сәлемдесуді, қоштасуды меңгерді

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасы,
Айтқалиев Өркен Айтқалиұлы
Ағылшын тілі мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама