
- 27 сәу. 2025 20:27
- 34
Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді. Ол еркін жаттығулар бағдарламасында финалда 14,133 ұпай жинап, бірінші орын алды.
Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) еншіледі. Бұл — Әлем кубогының соңғы кезеңі, жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша көш бастады.
28 сәуірде Милад Карими қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді. Ал 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін таласады.