Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Зеленский путиннің пасхаға байланысты бітім ұсынысына жауап берді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Пасха құрметіне ұрысты уақытша тоқтату ұсынысына жауап берді.

– Егер Ресей шын мәнінде ұрысты толық тоқтататын болса, біз де оқ атпаймыз. Ресей не істесе, біз айна-қатесіз солай жауап қайтарамыз. Тоқтаса тоқтаймыз, атысса атысамыз, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, бұған дейін АҚШ ұрысты 30 күнге тоқтатуды ұсынғанда, Украина бірден келісім берген. Алайда Ресей бұл ұсынысты 39 күн бойы елемей келген.

– Енді келіп 30 сағаттық бітім ұсынып отыр. Көреміз, егер шынымен Ресей 30 сағат оқ атпаса, оны Пасхадан кейін де жалғастыруға болады деп ойлаймын. 30 сағаттық бітім – мақаланың жақсы тақырыбы болады. Ал 30 күндік бітім – бейбітшілікке баспалдақ бола алады, – деді Зеленский.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама