Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 50 минут бұрын)
Мөлдір Әуелбекова келініне жаңа көлік сыйлады: «Әулетіміздің еркетотайы!»

Әнші Мөлдір Әуелбекова келініне жаңа көлік сыйлап, көпшілікті сүйсінтті. Бұл жаңалықты әнші өзінің Instagram парақшасында жаңа көлікпен бірге түскен видеосын жариялап, көпшілікке жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келінінің арманы орындалды

Әнші жазбасында: «Әулетіміздің еркетотайы! Келінім Анеляның арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!» деп жазды. Бұл сөздер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Желідегі жылы лебіздер

Әлеуметтік желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері жас келінге ақ тілектерін жаудырды. Пікір білдіргендердің бірі: «Әнел әпке, құтты болсын! Берекелі болсын. Мөлдір, сен әрдайым қуаныш сыйлағанды жақсы көресің», – деп жазса, енді бірі: «Керемет! Құтты көлік болсын. Әнел келіншекке әбден лайық. Ақжолтай көлік болсын, қатты қуанып отырмын. Мөлдір қандай жомарт жан», – деп ризашылығын білдірді.

Тағы бір оқырман: «Келініңіз сізге ұқсайды екен. Өз үйін тастап, жат-жұрттық болып келген келініңізге қуаныш сыйлай білген жандарға Алланың берер ризығы таусылмасын. Құтты, берекелі көлік болсын. Әр қазаққа осындай салоннан су жаңа көлік алуды нәсіп етсін», – деп тілек білдірді. Желіде «Тізгінің берік, жолың ашық болсын. Көлігің тек қуаныш пен жақсы жаңалықтарға жеткізе берсін» деген ақжарма тілектер де жазылды.

Жаңалықтар

Жарнама