- 29 сәу. 2015 00:00
- 219
Мұң
Ғазиз басым құтыла алмай жаладан,
Жаудың қолы босамай тұр жағадан.
Жүректі жаншып, жанға түскен ауыр тас,
Ашу тасып, тамырды қуып тараған.
«Қара құлақ - қасқырдың шамы» дегендей,
«Мынау солай» - дегенге оғын қадаған.
Лаж бар ма болған соң заман осылай,
Шақ болып тұр сұңқарды құзғын талаған.
Жүйрік қиял дүниені айналып,
Дамыл таппай дәртке дәрмен қараған.
Мұңын шағып қалды «азамат» үміткер,
Түсінер деп көңілінде сәуле бар адам.
Жаудың қолы босамай тұр жағадан.
Жүректі жаншып, жанға түскен ауыр тас,
Ашу тасып, тамырды қуып тараған.
«Қара құлақ - қасқырдың шамы» дегендей,
«Мынау солай» - дегенге оғын қадаған.
Лаж бар ма болған соң заман осылай,
Шақ болып тұр сұңқарды құзғын талаған.
Жүйрік қиял дүниені айналып,
Дамыл таппай дәртке дәрмен қараған.
Мұңын шағып қалды «азамат» үміткер,
Түсінер деп көңілінде сәуле бар адам.