Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Мұнай бағасы қайта төмендеді: Brent пен WTI құны құлдырап жатыр

Әлемдік нарықта мұнай бағасы екі күн қатарынан төмендеп, инвесторлар мен трейдерлердің алаңдаушылығын тудырды. Brent маркалы мұнай бір тәулікте 3 пайызға арзандап, баррелі 64 доллар 65 центке дейін төмендеді. Ал WTI мұнайы 2 пайызға құнсызданып, қазіргі уақытта 61 доллар 74 цент шамасында саудалануда.

Бағаның құлдырауына АҚШ пен Иран арасындағы геосаяси жағдайдың өзгеруі әсер етті. Бұған дейін Ақ үй мен Қытай арасындағы сауда келісімі нарыққа тұрақтылық сыйлағанымен, соңғы кездері Иранмен жүргізілген келіссөздер мұнай нарығына жаңа белгісіздік алып келді. Егер тараптар ортақ мәмілеге келіп, Тегеранға салынған санкциялар жойылса, Иран мұнайы қайта экспортқа шығуы мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай ұсынысының артып, бағаның одан әрі төмендеуіне себеп болмақ.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай нарығы алдағы уақытта да саяси шешімдерге тәуелді бола береді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама