Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Министр Сағадиев кейбір мамандықтардың жабылуы туралы қаңқу сөздерге сенбеуге шақырды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желілерде тарап кеткен ЖОО-лардағы бірқатар мамандықтардың жабылғаны туралы ақпаратқа байланысты ҚР БҒМ-ның Фейсбуктегі ресми парақшасында видеоүндеу жариялады.

Онда Ерлан Сағадиев, соңғы кезде Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, жоғары оқу орындарында осы пəндердің жүргізілуі тоқтатылғандығы жайлы ақпарат кездесіп отырғандығын атап өткен. 

«Бұлар шындыққа жанаспайды,-дейді министр. Сондай-ақ ол мұндай хабарлардың қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін мәлімдейді.  

«Құрметті педагогтар, ата-аналар, оқушылар, біз сіздерді тек сенімді дерек көздерінен таратылатын  ақпаратқа жүгінуге шақырамыз. Мұндай  мəліметтерді ҚР БҒМ-нің желідегі ресми аккаунтына жазылып алуға болатындығын жеткізгіміз келеді", - дейді Сағадиев. 
 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама