Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Наурызда тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: нарықта қандай өзгерістер бар?

2025 жылдың наурыз айында елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 739 мәміле тіркелді. Бұл ақпанмен салыстырғанда 4,4 пайызға аз (ақпанда – 29 022 мәміле). Сауда-саттықтың басым бөлігі – көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге (21 842), ал 5 897 мәміле жеке үйлерге қатысты болды.

Қалалар бойынша көшбасшылар – Астана (5 652 мәміле) және Алматы (5 069 мәміле), ал Қарағанды облысы 2 130 мәмілемен үшінші орында.

Дегенмен, кей өңірлерде өсім байқалады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында мәміле саны бір айда 16,8%-ға артса, Алматы және Атырау облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 11,4% және 11,3%-ды құрады.

Керісінше, Жамбыл (-23,3%), Батыс Қазақстан (-18,4%) және Маңғыстау (-18,1%) облыстарында мәмілелер айтарлықтай қысқарған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама