Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Нұрлан Сабуров Мәскеуде көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды

 

Қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Мәскеудің Шереметьево әуежайында қамауға алынды. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол көші-қон ережелерін бұзған — нақтырақ айтқанда, көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған. Құқық қорғау органдары Сабуровқа 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) айыппұл салған. Заңнамаға сай, ол Ресейден шығып, кейін қайта заңды түрде кіре алады. Қазіргі таңда әзілкеш пен оның менеджері бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама