Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Шымкент әкімінің орынбасары өзіне жасалған шабуылға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған шабуылдан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол қазақ халқына және қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтты.

«Бұл оқиға мен үшін де, отбасым мен жақындарым үшін де ауыр тиді. Бірақ осы уақыт аралығында көптеген адамның жанашырлығын, қолдауын сезіндім. Хабарласқан, жазған, тілеулес болған әр адамға ризамын», – деді Берденов.

Шенеунік ауруханада өткен үш аптадан кейін жағдайының жақсарғанын, қалыпты өмірге оралуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, отандық медицина саласының жоғары деңгейде екенін айтып, дәрігерлерге алғыс білдірді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама