
- 30 мам. 2025 07:40
- 106
Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасы Мәскеуге сапары барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді. Бұл жайлы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
«Ол расында Мәскеуде болды және президентпен жеке кездесу өткізді», — деді Песков журналистерге.
Кездесу барысы мен тақырыптары туралы нақты ақпарат әзірге жарияланбады.