
- 21 мам. 2025 08:09
- 18
ДДҰ: Соңғы 20 жылда әлемде темекі шегу 30%-ға азайған
ЖЕНЕВА. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен 78-сессияда темекіге қарсы күрес нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде жаһандық деңгейде темекі тұтыну шамамен үштен бірге қысқарған.
Бұл жетістік ДДҰ 2003 жылы қабылдаған Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенцияның арқасында мүмкін болды. Биыл аталған халықаралық құжатқа 20 жыл толып отыр.
– Осы уақыт ішінде темекі шегушілер саны едәуір азайды. Алайда, темекі әлі де денсаулыққа төнетін негізгі қауіптердің бірі болып отыр, – деді Гебрейесус.
ДДҰ дерегінше, жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам темекінің салдарынан көз жұмады. Оның 1,2 миллионы — пассивті түрде темекі шегудің құрбандары.