Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Олимпиада жүлдегері қазақстандық боксшы жаңа титулдық жекпе-жек күнін анықтады

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов WBA Asia титулы үшін жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Tengri Sport Saikou Lush промоушеніне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы индонезиялық боксшы Сурия Дхарма болады. Дхарма әлі жеңілмеген (4-0, 4 КО) спортшы.

Жекпе-жек 23 мамырда Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді.

Айта кетейік, бұл кездесу алғашқыда 17 сәуірге жоспарланған болатын. Алайда, Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан жапондық промоушен жекпе-жекті кейінге шегерген.

Бұл Бибосыновтың кәсіпқой мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі болуы мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен бастап, кейін тағы бір жеңіске жеткен.

Бибосыновтың пікірі

«Бұл өте маңызды жекпе-жек. Менің алғашқы титулдық кездесуім. Мұндай мүмкіндік берген промоутерлерге алғыс айтқым келеді. Мен бұл кездесуге ұзақ дайындалдым және жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантқым келеді. Сурия Дхарма – өте мықты қарсылас. Мен оның жекпе-жектерінің видеосын көрдім. Біз оған мұқият дайындаламыз, тамаша жеңіс көрсетемін деп үміттенемін», - деді Сәкен бейнеүндеуінде.

Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Бибосынов – Қазақстанның ең үздік боксшыларының бірі. Оның қоржынында әлем чемпионатының екі алтын (2021, 2025), Токио Олимпиадасының қола жүлдесі (2020) және Азия чемпионатының үш медалі (2021, 2022) бар.

Жаңалықтар

Жарнама