depositphotos.com
- 02 мам. 2026 13:30
- 15
Қазақстанға жаңбыр, найзағай мен бұршақ жауып, ауа температурасы +32°C дейін жетеді
Қазгидромет 2 мамыр, сенбі күні еліміз бойынша ауа райына қатысты болжамын жариялады. Оңтүстік өңірлерде күн жылынып, +32°C дейін жетсе, ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы
Түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болады. Батыс, солтүстік-батыс жел соғады, 9-14 м/с, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 23 м/с дейін жетеді. Температура түнде +3...+8°C, батыста және солтүстікте 2°C дейін аяз болады, күндіз +13...+18°C.
Алматы облысы
Батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік пен таулы аймақтарда кейде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, батыста, шығыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +13...+18°C, таулы аймақтарда +2...+7°C, күндіз +25...+30°C, таулы аймақтарда +15...+20°C.
Жетісу облысы
Батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, солтүстікте және таулы аймақтарда 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында екпіні 25 м/с жетеді. Температура түнде +10...+15°C, таулы аймақтарда +5°C, күндіз +27...+32°C, таулы аймақтарда +22°C.
Түркістан облысы
Түнде батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай болады, таулы аймақтарда кейде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +13...+18°C, таулы аймақтарда +10°C, күндіз +20...+25°C, таулы аймақтарда +15°C.
Батыс Қазақстан облысы
Батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман түседі. Батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +2...+7°C, солтүстікте 1°C дейін аяз болады, күндіз +10...+15°C.
Атырау облысы
Батыста, оңтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Шығыс, солтүстік-шығыс жел соғады, 9-14 м/с, батыста және солтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +3...+8°C, күндіз +17...+22°C.
Маңғыстау облысы
Күндіз батыста және оңтүстікте жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с, батыста, оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +8...+13°C, күндіз +20...+25°C.
Ақтөбе облысы
Күндіз солтүстік-батыста жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, батыста және орталықта екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +3...+8°C, батыста және солтүстікте 1°C дейін аяз болады, күндіз +17...+22°C, оңтүстікте +25°C.
Қостанай облысы
Солтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай болады. Батыс, солтүстік-батыс жел соғады, 15-20 м/с, батыста екпіні 25 м/с дейін жетеді. Температура түнде 0...+5°C, батыста және солтүстікте 2°C дейін аяз болады, күндіз +13...+18°C, оңтүстікте +22°C.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс жел соғады, 15-20 м/с, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді. Температура түнде +2...+7°C, батыста және солтүстікте 2°C дейін аяз болады, күндіз +12...+17°C.
Павлодар облысы
Батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыс, солтүстік-батыс жел соғады, 9-14 м/с, көп жерде екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с жетеді. Температура түнде +7...+12°C, батыста +3°C, күндіз +13...+18°C, шығыста +21°C.
Қарағанды облысы
Солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыс, солтүстік-батыс жел соғады, 9-14 м/с, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +7...+12°C, оңтүстікте +15°C.
Ұлытау облысы
Түнде оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыс, солтүстік жел соғады, 9-14 м/с, батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +5...+10°C, оңтүстікте +13°C, күндіз +17...+22°C, оңтүстікте және шығыста +27°C.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-батыс жел соғады, 9-14 м/с, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +3...+8°C, оңтүстікте +13°C, күндіз +27...+32°C, шығыста +24°C.
Абай облысы
Күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-батыс жел соғады, 9-14 м/с, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +7...+12°C, оңтүстікте +15°C, күндіз +25...+30°C.
Қызылорда облысы
Солтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, орталықта және шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +8...+13°C, оңтүстікте +16°C, күндіз +22...+27°C.
Жамбыл облысы
Батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз оңтүстікте және таулы аймақтарда кейде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады, 9-14 м/с, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде +13...+18°C, таулы аймақтарда +10°C, күндіз +20...+25°C, таулы аймақтарда +17°C.