Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Орал тұрғынын полиция алаяқтардан арашалап қалды

Орал тұрғынын полиция алаяқтардан арашалап қалды


Орал тұрғыны алаяқтарға 1 миллион 300 мың теңге аударып жібере жаздаған, деп хабарлайды Infohub.kz.

Алайда полиция қызметкерлері қылмыстың жолын кескен. Тәртіп сақшылары ер адамды сауда орталығындағы терминал алдынан байқаған. Ол телефонмен қобалжи сөйлесіп, бір кезде ақша аудару үшін деректерін енгізген. Сол сәтте полиция күдіктеніп, араша түскен. Олар қарияның телефонын алып, арғы бетіндегі әйелмен сөйлескен. Бір сәтте ер адамға әртүрлі нөмірден хабарласып, бірі қызы, енді бірі ұлы екенін айтқан.

Мәліметке сәйкес, алаяқтар қарияға бірнеше күн қатарынан хабарласып, өзін полицей ретінде таныстырған. Сондай-ақ өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, қомақты ақша аударуға көндірген. Дегенмен полицейлердің араласуымен алаяқтықтың жолы кесілді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама