Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Өзге елдің атынан соғысқандар сотталады – ІІМ ескерту жасады

Өзге елдің атынан соғысқандар сотталады – ІІМ ескерту жасады,деп хабарлайды Infohub.kz.

Қазақстан азаматтарына бөтен елдің әскери әрекеттеріне қатысқаны үшін қатаң жаза қарастырылған. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға тағы бір мәрте ескерту жасап, шет мемлекеттердің әскери қақтығыстарына қатысқан жағдайда 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал жалдап соғысқан жағдайда жаза одан да ауыр – өмір бойына сотталуы мүмкін.

Бұл мәлімдеме Украина Қорғаныс министрлігінің «Өмір сүргім келеді» жобасы аясында жарияланған деректерден кейін жасалды. Жобада ресейлік армия құрамында 661 Қазақстан азаматы соғысып жатыр, ал оның 78-і майданда қаза тапқаны айтылған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Ресей армиясына жалдамалы сарбаз ретінде қатысуға үгіттейтін жарнамалар көбейіп кеткен. Орталық Азиядан келгендерге 3,5 млн рубль көлемінде сыйақы уәде етіледі.

Сарапшылар мұндай ұсыныстарға сеніп, азаматтардың соғысқа аттанып жатқанына алаңдаулы. Олар қаржылай қызығушылықтың салдары қайтар жолы жоқ шешімге апарып соғатынын ескертеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама